Ол 15 тәулікке қамалды.
Ақтөбе қалалық мәслихатының экс-депутаты Сания Мұратоваға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) және 608-бабының 1-бөлігі (Көлік құралын мас күйде жүргізу) бойынша хаттама толтырылып, сот қаулы шығарды.
— Сания Мұратова 26-қазан күні кешке Ақтөбе қалалық полиция басқармасының әкімшілік қамаққа алу арнайы орнына 15 тәулікке қамалды. Одан өзге ақпарат таратылмайды, деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе қалалық мәслихатының экс-депутаты Сания Мұратова мас күйінде көлік тізгіндегені үшін жүргізуші құқығынан айырылған болатын.
Дереккөз: inbusiness.kz