Жәбірленушіге оң жақ жамбас мойнының сынуы диагнозы қойылды
Оқиға 9 шілде күні сағат 11:51 шамасында Ерейментауда орын алған.
Қыздың ата-анасының айтуынша, қызы үйге жақын дүкеннен қайтып келе жатқанда, оны көлік соғып кеткен.
Тәртіп сақшылары оқиға куәгерлерін анықтады, олар ВАЗ-21012 маркалы автокөліктің жолға шығып, баланы қағып кетіп, әрі қарай жүріп кеткендігін растады. Аталған дерекке қатысты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 30 жастағы жүргізушіні анықтады. Ол рөлді басқара алмай, жаяу жүргіншінің соқтығысуына жол беріп, оқиға орнынан кетіп қалды. Сараптама тағайындалды. Дәрігердің қорытындысына сәйкес жүргізушіде “ауыр” дәрежелі алкогольдік мас болу анықталды.
Источник: inbusiness.kz