Пт. Ноя 22nd, 2024

Желіде ер адамның балалар алаңында әйелін ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, оқиға 7 сәуір күні Маңғыстау облысында болған.

Видеодан әйелдің жанында баласының ойнап жүргенін көруге болады.

Ер адам әйеліне жақындап, жұдырығымен соққы жасайды. Сосын жағасынан ұстап, итеріп жібереді, әйел жерге құлайды.

«Құқық бұзушы анықталып, Мұнайлы аудандық полиция бөліміне жеткізілді», – делінген полиция хабарламасында.

Полицияның мәліметінше, отбасы-тұрмыстық қатынастар туралы іс сотқа жолданған.


Дереккөз: Inbusiness.kz