Пт. Фев 23rd, 2024

“Манашы” мемлекеттік табиғи қорығында сирек кездесетін жыртқыш – ақ қасқыр көзге түсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасап.

Облыстағы табиғат басқармасы мамандарының айтуынша, ақ қасқыр Маңғыстауда өте сирек кездесетін жыртқыш аң.

“Оның сезімталдығы жоғары және асқан төзімділікке ие. Ақ қасқыр өзі мекендейтін аймақтағы ең қауіпті жыртқыш болып саналады. Оның салмағы мекен ететін жеріне байланысты шамамен 30-80 келіге жетуі мүмкін”, – дейді Маңғыстау облыстық табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мамандары.


Дереккөз: inbusiness.kz