Пт. Фев 23rd, 2024

Қазақстандық халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова бүгін, 11 қаңтарда, 60 жасқа толған туған күнін тойлауда. 

Мақпал Жүнісованы түннен бастап жақындары, достары мен жанкүйерлері құттықтай бастаған. Ал Жанар есімді жанкүйері сүйікті әншісіне ерекше тосынсый жасаған.

Ол ескі кадрлардан видео жасап, көпшілік назарына ұсынған. Кадрдан жап-жас Мақпал Жүнісованы, оның сұхбаттары мен сахнадағы өнерін көруге болады. Ал видео әншінің «Жылдар-жылдар» әнімен сүйемелденген.

Өнер иесі жанкүйеріне алғысын айтып, видеоны парақшасында бөлісті:

«Жанар жанкүйерімнің құттықтау видеосына үлкен рақмет, Жанаржан, отбасыңмен ғұмырлы болыңыздар!» – деп жазды Жүнісова.


Дереккөз: inbusiness.kz