Пт. Ноя 22nd, 2024

Қазақстандық бітімгерлер Ливан-Израиль шекарасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Ливандағы қызметін жалғастыруда.  

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап inbusiness.kz сайты хабарлайды.

«Үш штабтық офицер атынан қазақстандық бітімгерлер Ливанда штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Ұрыс алаңы олар қызмет етіп жатқан орындардан алыста», – делінген ведомство ақпаратында.

Жағдай одан әрі нашарлайтын болса,  қазақстандық әскери қызметшілерді эвакуациялау мәселесі БҰҰ хатшылығымен және ҚР Қорғаныс министрлігі тұрақты байланыста болатын миссия басшылығымен бірлесіп қабылданатынын айтты.

Өткен аптаның соңында БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері Израиль армиясының Бас штабы мен бекіністерін атқаны туралы хабарлады, онда екі бітімгер жарақат алды.


Дереккөз: inbusiness.kz