Вс. Сен 15th, 2024

Қазақстанда футболдан Бірінші лиганың матчтары қызықты өтуде. Оған еліміздегі 13 өңірден 16 команда бақ сынап жатыр. QFL турнирінің басты серіктесі ретінде 1ХВЕТ компаниясы танылған.

21 турдың қорытындысы бойынша, «Оқжетпес» көш бастап тұр. Андрей Ферапонтовтың шәкірттері 13 мәрте жеңіске жетіп, 42 ұпай иеленді. Алайда чемпиондыққа «Қайрат-Жастар», «Ұлытау», «Жетісай», «Хан-Тәңірі», «Тараз», «Каспий» мен «Екібастұздың» да әлі мүмкіндігі бар. Қалған 8 турда жоғары орын үшін талас өте шиеленісті түрде жүретіндігі түсінікті. Өйткені ең үздік екі команда Премьер-лигаға жолдама алса, соңғы орынға тұрақтаған екі ұжым Екінші лигаға төмендейді.

Сурет: QFL

1ХВЕТ QFL Бірінші лигасы тек бәсекелестігімен ғана емес, сонымен қатар шетелдік футболшылардың жоқтығымен де ерекше. Бірінші рет барлық ойындар отандық телеарналарда тікелей эфирден көрсетіліп, 106 мыңнан астам көрермен матчтарды стадионнан тамашалады. Турнирдің медиа бөлігі де айтарлықтай күшейіп, отандық футбол сүйер жанкүйерлердің қызығушылығын арттырды.

«Біз спорттық эмоцияның демеушісі ретінде көптеген өңірлерді қамтыған турнирдің басты серіктесі болғанымызға қуаныштымыз. Басты міндетіміз — QFL-мен бірге отандық футболды жанкүйерлердің арасында қызығушылықты арттыру және соған тырысып та жатырмыз. Тартысты матчтар, турнир кестесіндегі шиеленіс, қаралымның өсуі – биыл Бірінші лига шынымен де қызық және алдағы уақытта бізді командалардың нағыз шиеленісті теке-тірестері күтіп тұр» — деді 1XBET компаниясының маркетинг бөлімі бойынша директордың орынбасары Санжар Тоқтасын.

Әрине, басты серіктестің қолдауы отандық футболдың дамуына айтарлықтай әсерін тигізеді. Бұл келісім 2024-2026 жылдар аралығына жасалған. Бірінші лигадан бөлек, компания жүлде қоры рекордтық 1 миллион долларды құрайтын жаңа Лига кубогын да қолдаған болатын. Осы жылдың ақпан айында QFL мен 1XBET компаниясы біріге отырып, Түркияда маусым алдындағы Winter Cup коммерциялық турнирін ұйымдастырған еді. Нәтижесінде «Ордабасы» клубы чемпион атанды.

Сурет: QFL

Айта кетейік, 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының ойындары әр аптаның бейсенбі және жұма күндері өтеді. Матчтар Q Football, Q Arena, Q League телеарналары, QFootball.kz, QFL.KZ сайттары, Q Football мобильді қосымшасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ал матчтардың шолуы мен өзекті ақпараттар QFL.KZ сайты мен QFL әлеуметтік парақшасында қолжетімді. Турнир 25 қазанда мәресіне жетеді.

*Букмекерлік қызмет Қазақстан Республикасында лицензияланған.


Дереккөз: Nur.kz