МҰТП «Көлсай көлдері» аумағында Тянь-Шань қоңыр аюлары видеоға түсіп қалды.
Комитеттің мәліметінше, жабайы жануарлар санын есепке алу барысында «Көлсай көлдері» МҰТП инспекторлары екі қонжығымен жүрген Тянь-Шань қоңыр аюын видеоға түсіріп алған.
Тянь-Шань қоңыр аюлары парктің орманды тау баурайларын мекендейді.
Осы орайда парк әкімшілігі келушілерге, егер қоңыр аюды байқап қалсаңыз, қауіпсіз қашықтықты сақтап, жануарларды мазаламау маңызды екенін ескертеді.
«Еске саламыз, Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» енген барлық жануар түрі мемлекет тарапынан қорғалады», — делінген хабарламада.
ДЕРЕККӨЗ: NUR.KZ