Чт. Дек 5th, 2024

Қазақстандық танымал әнші Сейфуллин Жолбарыстың бұрынғы әйелі Екатерина Вайт алғаш рет ажырасуына қатысты пікір білдірді. Ол отбасылық өмірде көп нәрсеге көз жұмып, жолдасын ұзақ уақыт бойы кешіріп келгенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Екатерина Вайт белгілі журналист Анна Данченкоға сұқбат беріп, Сейфуллин Жолбарыспен айырылысуына қатысты пікір білдірді. Алайда әншінің бұрынғы келіншегі ажырасуына нақты қандай жағдай себеп болғанын ашып айтпады.

«Бір сұхбатымызда өмірімізде көзге шөп салу эпизодтары бар деген болатынмын. Сол кезде Сейфуллин қақалып қалған. «Не айтып қояды екен» деп қатты мазасызданып отырды. Менің мінезім өте ашық. Тік сөйлеймін. Ойымдағыны айта саламын. Сол үшін өмірде көп таяқ жеймін. Бірақ отбасымды сақтау үшін көп дүниеге көз жұма қарауға тура келді. Мақсатым – отбасымды сақтау болды. Екіншіден, ол кісіге ренжу мүмкін емес. Кішкентай бала сияқты. Ойына келгенін істей салады. Артынша өзін соған жауапты екенін сезінбейді. «Болып қалды солай, қайтемін енді» дейді. Ол нәрсені бетіне басқан емеспін. Мен барып олардың үстілерінен түскен жоқпын ғой. Ол менің әшейін күдіктерім болды. Кешірсем де, ұмыта алмаушы едім. Тіпті ажырасып кетіп бара жатқанда да “Енді маған үйлену керек” деді. Ол бақытын тауып, үйленіп жатса мен екеуіне шексіз бақыт тілейтін едім. Ажырасқан соң әйел адам балаларымен ары қарай өмір сүре береді ғой. Ал ер адамға жалғыз қалу қиын»,  — деді Екатерина. 

Сонымен қатар Екатерина Вайт күйеуінен бөлек шығуына екі қызы септігін тигізгенін жасырмады.

«16 жылдан бері бірге тұрып, ажырасып кету оңай емес. Бәрін іште жинай берген де дұрыс емес. Бір күні ауру болып қалуың мүмкін. Бөлек шығуыма қыздарым түрткі болды. Олар менің қандай күйзелісте екенімді көрді. Көз жасымды, бүкіл ауыртпашылықты ең бірінші сол қыздарым көрді. Олар «анашым, кетейікші» деп айта бастағаннан кейін мен ойлана бастадым. Бұл қыздарыма да ауыр тиіп жатыр деген сөз. Қыздарым ондайды көрмеуі керек. Қыздарым әкесімен кездесіп тұрады. Сейфуллин – жақсы әке. Олардан ештеңе аямайды, барынша көмектесіп тұрады. Мен алиментке бермедім. Себебі оның қандай адам екенін білемін. Бар жиған-тергенін балаларына береді. Бүгінде барлық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отыр»,- деді әншінің бұрынғы әйелі.


Дереккөз: Nur.kz