Вт. Ноя 12th, 2024

Алайда вице-министр толық мәлімет айтпады. 

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың 9 қараша күні елорда мейрамханаларының бірінде әйел өліміне қатысы бар екенін растады, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Министрдің орынбасары бұл сұраққа қысқа жауап қайырды.

«Мен оның ұсталғанын білемін. Тергеу шаралары жүріп жатыр. Қалғандары бойынша түсініктеме бере алмаймын. Жұмыс аясында сізге қосымша ақпарат беріледі», деді вице-министр БАҚ өкілдеріне.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгенін жазған болатынбыз.


Источник: Inbusiness.kz