Чт. Ноя 21st, 2024

Сенатта орнықты даму мақсаттарын іске асырудағы бизнестің рөлі талқыланып жатыр 

Әлемде ESG қағидаларын енгізу тұрақты бизнес қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Халықаралық тәжірибеде бизнестің қызметіндегі экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілерін нақытлау үшін ESG қағидалары әзірленген. Олар орнықты даму мақсаттарымен үндесетінін атап өткен жөн. Жалпы қазіргі әлемде ESG қағидаларын енгізу тұрақты бизнес қалыптастыруға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ұзақмерщімлі құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді. Сонымен қатар инвесторлар мен тұтынушылар көбіне осындай экологиялық жауапкершілікті сезінетін, қызметкерлері мен қоғамға қамқорлықпен қарайтын, корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын ұстанатын компанияларға басымдық береді», — деді Сенат спикері Парламенттік комиссия отырысында.

Сөзінше, бұл мәселе Қазақстан үшін де өзекті.

«Елде жұмыс істейтін компаниялардың экологиялық жауапкершілігінің төмендігі алаңдаушылық туғызады. Жекелеген кәсіпорындардың жосықсыз қызметінің салдарынан теріс экологиялық зардаптарды көріп отырмыз. Мәселен, Маңғыстау облысындағы кен орнында ұзаққа созылған өрттен 127 мың тонна метан ауаға тараған», — деді Мәулен Әшімбаев. 


Источник: inbusiness.kz