Пт. Дек 27th, 2024

«Ирина Кайратовна» тобындағы Азамат Маркленов тағы да әке атанды.

Жұбайы Чинара жаңа туған қызы Аманимен бірге перзентханадан түскен суретімен бөлісті. «Мен жер бетіндегі ең бақытты адаммын», — деп пікірімен бөлісті Азамат. Жанкүйерлер оны дүниеге сәби әкелуімен құттықтап, бақыт пен денсаулық тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, ерлі-зайыптылар 2022 жылдың жазында шаңырақ көтеріп, 2023 жылдың ақпан айында Дархан есімді ұлдары дүниеге келген.


Дереккөз: NUR.KZ