Пт. Фев 23rd, 2024

Университет әлемдегі жетекші IT-компаниялармен және стартаптармен белсенді жұмыс істейді. 

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) өзінің 14-ші диплом тапсыру рәсімін өткізді. Биыл университет 1106 маман дайындады, оның ішінде 964 бакалавры тәмамдаған студенттер, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Университет ректоры Асқар Хикметов түлектерді жоғары жетістіктерімен құттықтады:

«Мен сіздерге сенемін және әрқайсыңыз өз мақсаттыңызға жете алатыныңызға сенімдімін. Кәсіби және жеке өміріңізде сәттілік пен өркендеу үшін батыл алға ұмтылыңыз…» – деген ізгі тілегін айтты.

Жаңа дәстүр

Биылғы бітіру кешінің ерекшелігі – үздік түлектерге үздік IT-компаниялар топ-менеджерлерінің диплом табыстауы. Осындай құрметті қонақтардың бірі, Coursera бас директоры – Джефф Мажионкальда. Мажионкальда өз сөзінде қазіргі уақыттың бірегейлігін және осы уақыттың түлектерге өз білімі мен дағдыларын жетілдіруге ұсынатын кең мүмкіндіктерін атап өтті.

ХАТУ және Coursera: білім беру саласындағы серіктестік

ХАТУ Орталық Азиядағы Coursera-мен ынтымақтастықта болған және университеттер үшін арнайы өнім Coursera for Campus-ты енгізген алғашқы университет болғанын атап өту маңызды. Бұл серіктестік ХАТУ студенттеріне университеттердің үздік профессорларынан онлайн курс оқуға мүмкіндік береді. Бұл тізімде Стэнфорд, Йель, Лондон Императорлық колледжі және басқалар бар.

«Біздің платформада жарты миллионға жуық қазақстандық әр түрлі курстан өтіп жатыр. Біз ХАТУ-мен серіктес болғанымызға өте қуаныштымыз, өйткені бұл студенттерге әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең жақсы профессорлардан білім алуға мүмкіндік береді. Қазақстан әлемнің үздік сарапшыларын тарту және жастарға ірі халықаралық компанияларда оқуға мүмкіндік беру үшін белсенді жұмыс істеуде», — деп бөлісті Мажионкальда.

Мұндай әріптестік ХАТУ түлектерінің әлемдік IT-индустрияға елеулі үлес қосуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, RRI Huawei HR директоры Ши Пэнг диплом тапсыру рәсіміне қатысты. Өз сөзінде Ши Пэнг ХАТУ түлектерін цифрлық экономикада жұмыс істеуге дайындаудың маңыздылығын атап өтті және Huawei мен ХАТУ түлектері арасындағы одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.

«Біз түлектерді Huawei R&D орталықтарында күтеміз», — деді ол.

Айта кету керек, Beam.kz жұмыспен қамту платформасының мәліметтері бойынша, ХАТУ орталығы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында үздік саналады. Университет түлектерінің 85%-ы оқу бітіргеннен кейінгі бірінші жыл ішінде табысты жұмысқа орналасады екен. Сонымен қатар, ХАТУ әлемдегі жетекші IT-компаниялармен және стартаптармен белсенді жұмыс істейді. Бұл ынтымақтастық студенттерге нақты жобаларға қатысуға және өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, университетте алған теориялық білімдерін толықтыра отырып, салада құнды тәжірибе жинайды.

ХАТУ студенттерінің халықаралық жетістіктері

ХАТУ студенттері әр түрлі республикалық және халықаралық алаңдарда өз дағдыларын белсенді көрсетуде. Атап айтқанда, университет командалары төрт жыл қатарынан ICPC спорттық бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының финалистері атанды, ал 2022 жылы осы беделді жарыстың үздік 20-на кірді. Сонымен қатар, Киберқауіпсіздік бойынша халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие. Ал 2023 жылы университет командасы қазақстандық студенттік киберспорт лигасында түрлі пәндер бойынша үздік атанды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей,»білім мен инновацияның жаһандық жүйесіне енген заманауи зерттеу университеттері білім экономикасының негізі болуы тиіс».

ХАТУ – цифрлық трансформация және инновациялық даму жолында белсенді жүріп жатқан университет. Өз студенттеріне IT әлемінде табысты мансап үшін қажетті білім мен дағдыларды береді.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz