Сб. Ноя 23rd, 2024

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті 22 қыркүйекте Ханчжоуда (ҚХР) өткен Азия ойындарында қазақстандық спортшылардың аралық нәтижелерін ұсынады.

Азиада-2022 кезекті жарыс күнінің қорытындысы бойынша бес қазақстандық спортшы финалға жолдама алды. Қазіргі бессайыста Павел Ильяшенко, Кирилл Стадник, Темірлан Әбдірайымов, Георгий Борода-Дудочкин іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Ерлер арасындағы Финал 24 қыркүйекте өтеді.

Владислав Яковлев те жетістікке жетті. Жартылай финалдық жүзуде ескек есуден Қазақстан командасының өкілі екінші нәтижені көрсетті, бұл оған финалға өтуге мүмкіндік берді. Жеңімпаздар 25 қыркүйекте анықталатын болады.

Әйелдер арасындағы жағажай волейболынан өткен жарыста Алина Рачкова мен Анастасия Уколова Қытай командасына 0: 2 есебімен ұтылды. Кирилл Гуринмен бірге Нұрдос Алдаш та сәтсіздікке ұшырады. Олар Қытай құрамынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Үстел теннисінен Қазақстан әйелдер құрамасы командалық жарыстың алдын ала раундында Қытайдан (0:3) есебімен ұтылды. Ерлер құрамасы да Тайбэйден жеңілді (1:3).

Ерлер арасындағы волейболда отандық спортшылар Жапониядан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

Бүгін, 23 қыркүйекте, жарыс тек үстел теннисінен өтеді. Ерлер мен әйелдер командалары іріктеу кезеңінің кезекті матчтарын өткізеді.

Әйелдер сағат 08:00-де (Астана уақыты көрсетілген) Макаоға қарсы матч өткізді, ал ерлер Мальдив командасымен ойнайды. Кездесу 10:00-ге жоспарланған.

Күннің басты оқиғасы 2022 жылғы жазғы Азия ойындарының ашылуы болмақ. Салтанатты рәсім сағат 17:00-де басталады.

Азия ойындары-2022 Ханчжоуда 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында болады. Жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 23 қыркүйекте өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасы 525 адамнан тұрады, олар 30 спорт түріне қатысады. Парижде өтетін 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензиялар 9 түрде ойнатылады. Ал Азия ойындарында барлығы 61 спорт түрінен 481 медаль ойнатылады.

Анықтама үшін: 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті тәуелсіз қоғамдық ұйым болып табылады. ҚР ҰОК өз қызметінде ХОК Олимпиадалық хартиясын, Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және ҚР ҰОК Жарғысын басшылыққа алады. ҚР ҰОК миссиясы Олимпиадалық қозғалысты дамыту және қорғау, олимпиадалық құндылықтарды – Қазақстан Республикасының аумағында сыйластық, достық пен кемелдікті ілгерілету болып табылады. Ұлттық Олимпиада комитетінің тағы бір мақсаты-жоғары дәрежелі қазақстандық спортшыларды Олимпиада ойындарына қатысуға дайындау арқылы Қазақстан Республикасының Жоғары жетістіктер спортын дамыту. Қазақстан ҰОК президенті Тимур Құлыбаев.

Ханчжоудағы XIX Азия ойындарында қазақстандық команданың және қазақстандық БАҚ-тан спорт журналистерінің демеушілері – ҚР ҰОК бас серіктесі «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ және Қазақстанда бұқаралық спорт пен олимпиадалық қозғалысты танымал ету жөніндегі іс-шараларды өткізуде жүйелі қолдау көрсететін «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

Ханчжоудағы Азия ойындары туралы барлық соңғы жаңалықтар www.olympic.kz сайтында және ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми аккаунттарында қолжетімді.


Ақпарат көзі: Olympic.kz