Halyk Bank және «Халық» қайырымдылық қоры су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде 1 миллиард теңге қаражат бөлу туралы бірлесіп шешім қабылдады.
Тимур мен Динара Құлыбаевтар құрған Halyk Қаржы тобының және «Халық» қайырымдылық қор басшылығы мемлекет тарапынан қолдау шараларымен, сондай-ақ болып жатқан жағдайға бей-жай қарамайтын азаматтар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен, су тасқынынан зардап шеккендер аймақтарды тезірек қалпына келтіруге көмектеспек.
Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Алматы, Павлодар, Ұлытау және Абай облыстарындағы жаппай су тасқыны осы өңірлердің тұрғындарының үйлерін су басып кетті. Бүгінгі таңда 12 мыңнан астам адам эвакуацияланып, уақытша тұру пунктеріне орналастырылды.
Дереккөз: Tengrinews.kz