«Халық» қайырымдылық қорының «Ауыл футбол» жобасы «Халық сүйіктісі» ұлттық премиясының жеңімпазы атанды.
Бұл жобаның басты мақсаты – еліміздің ауыл-аймақтарында тұратын балалар арасында футболды дамыту. Ал биыл жобаның аясында «Халық» қайырымдылық қоры 3 мыңнан астам жас спортшыны қамтып, 100 құрамаға қажетті құрал-жабдықтар сатып алып бермек.
Сондай-ақ, 100 жаттықтырушы арнайы оқудан өтіп, УЕФА-ның «D» санатындағы біліктілігін алады. «Ауыл футбол» жобасы жайлы тілші жалғастырсын.
Дереккөз: inbusiness.kz