Чт. Май 9th, 2024

Қор көмекке зәру отбасыларға қолдау көрсетуін жалғастыруда. Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы облысына қарасты 71 елді мекендегі әлеуметтік аз қамтылған 500 отбасыны мерекемен құттықтап, азық-түлік қоржынын тапсырды.

Әр қоржында күнделікті қолданыстағы заттар – май, күріш, макарон өнімдері, ұн, шай, қант, өзге де қажет азық-түліктің барлығы қамтылған. Жергілікті әкімдік әзірлеген тізімге сай Қор жұмыстарды үйлестірді.

«Халық» қоры биыл Алматы облысында 2000 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Қайырымдылық шараларында еріктілердің көмегін ерекше атап өткен жөн. Олар қайырымдылық акцияларында үнемі көмектесіп келеді.

Игі іске уақыт бөліп, шараны өткізуде қамқорлық танытқан әр еріктіге шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

Акцияда қолдау көрсеткен әр жанға алғысымыз шексіз.

Әлемді мейірім құтқарады. Ізгі қоғамды бірге құрайық!


Дереккөз: Ozekti Media