Пт. Окт 18th, 2024

Оған бұған дейін осы елде қабылданған Шетелдік агенттер туралы заң себеп болған.

ЕО-ның Грузиядағы елшісі Павел Герчинский ЕО елдерінің басшылары Грузияның ЕО-ға кіру процесін тоқтату туралы келісімге келгенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

«Өкінішті, бірақ ЕО елдерінің басшылары Грузияның ЕО-ға кіру процесін тоқтатуға келісті. Грузияның қазіргі Үкіметінің ниеті Еуропалық одақ көшбасшылары үшін түсініксіз», — деді Тбилисидегі журналистерге елші.

Оның айтуынша, Грузияда күшіне енген шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы заң Еурокомиссияның ЕО-ға кіруі үшін Грузия билігіне ұсынған «тоғыз қадамға қарама-қайшы әрекет».

«Сондай-ақ Батысқа қарсы, Еуропаға қарсы риторика Еуропалық одаққа кірудің мәлімделген мақсатына мүлдем сәйкес келмейді. Өкінішке орай, қазіргі уақытта Грузияның Еуропалық одаққа кіруі тоқтатылды. Бұл шынымен өкінішті жайт», — деді елші.

Герчинский «қазан айындағы сайлаудан кейін жаңадан құрылған Үкімет, бұл үкімет кім құрса да, қайтадан Еуропалық Одаққа кіру үшін маңызды жұмысты бастайды» деген үмітін білдірді.


Дереккөз: inbusiness.kz