Боксшы мәлімдеме жасады.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Los Angeles Times басылымына берген сұхбатында шаршы алаңға қайта оралу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Мен зейнеткер емеспін. Отбасыммен бақытты сәттерді өткеріп жатырмын. Менің жаңа қызметім бар, алайда спортпен шұғылдануды тоқтатқан емеспін, себебі одан ләззат аламын, ал спорттағы мансабымның аяқталғаны туралы ешқашан жариялаған емеспін. Мен үшін өмір – уақыт мәселесі: ыңғайлы мүмкіндік туындап жатса, шаршы алаңға қайта оралуым бек мүмкін», — деді Головкин.
Айта кетейік, Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізді – бұл оның мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (61-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегі болды, онда қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіліске ұшырады. Содан бері Головкин рингке шыққан жоқ. Сондай-ақ, ол биыл Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы болып сайланды.
Дереккөз: inbusiness.kz