13 жастағы Зоэ Клозюр жеңісін тойлап жатыр.
Францияның Ницца қаласында балалар арасындағы «Евровидение» халықаралық байқауының финалы ұйымдастырылды. Жалпы, 2018 жылдан бері француздар балалар байқауының үздік бестігін қалдырған жоқ. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетсек, 13 жастағы Зоэ Клозюр Францияда айтарлықтай танымал және талантты әнші. Ол мектептегі буллингке қатысты «Cœur» (Жүрек) поп-композициясын орындады.
«Бұл – қоғамдағы өте өзекті тақырып және ол мен үшін өте маңызды. Себебі, бастауыш сыныптарда мен мұнымен бетпе-бет келгенмін», — деді жас әнші француз елінің БАҚ-тарына.
Еске сала кетейік, бұл Францияның Junior Eurovision байқауында екінші жыл қатарынан және төрт жылда үшінші рет жетіп отырған жеңісі.
Байқау қорытындысы бойынша, екінші орын Арменияның, ал үшінші орын Испанияның жас әншілеріне бұйырды.
Сондай-ақ, Зоэні француз білім министрі Габриэль Аттал құттықтады.
Дереккөз: inbusiness.kz