Вт. Дек 3rd, 2024

Фариза Төреәлі жары Дархан екеуі қызының бірінші туған күніне Астанадан пәтер сыйлады.

Мереке күні Фариза сәбимен бірге түскен суретін бөлісіп, «Туғанына тура бір жыл болды, сен біздің бақытымызсың, болашағыңа инвестиция салу үшін саған пәтер сыйлауды ұйғардық» деп жазды.

Қызды туыстары да құттықтап, оған қымбат сыйлықтар – Ван Клиф сырғалары мен Gucci күртелерін сыйға тартты. Оқырмандары отбасын құттықтады, ал кейбіреулер жақын арада нәрестенің бетін көретініне үміт білдірді.


Дереккөз: NUR.KZ