Мессенджер қолданушылардың нақты санын көрсетпеген.
Еуропалық Одақтың бірлескен зерттеу орталығы ЕО-ның цифрлық қызметтер туралы Заңын (Digital Services Act, DSA) бұзуы мүмкін екендігі туралы техникалық тергеуді бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты Financial Times дереккөздеріне сілтеме жасай отырып.
Мәселе пайдаланушылардың саны туралы нақты мәліметтер берілмеуінен туындап отыр. Мессенджер тамыз айында сандарды беруі керек еді, бірақ оны істемеде, яғни платформаның «ЕО-да айына 45 миллион белсенді пайдаланушыдан айтарлықтай аз» екенін хабарлаған жоқ.
Тиісті ақпаратты бермеу DSA талаптарына қайшы келеді, деп түсіндірді FT сұхбаттасушылары. Егер платформада ЕО-да 45 миллионнан астам пайдаланушы болса, бұл модерация, ЕО талаптарын сақтау, үшінші тарап аудиті мен Еурокомиссиямен міндетті ақпарат алмасу бойынша қатаң міндеттемелерді талап етеді.
«Бізде өз жүйелеріміз бен есептеулеріміз арқылы пайдаланушы деректерінің қаншалықты дәл екенін анықтау мүмкіндігі бар», — деді Томас Рейньер, цифрлық мәселелер жөніндегі Еуропалық комиссияның өкілі.
Telegram ЕО заңдарын, соның ішінде DSA-ны орындайтынын мәлімдейді. Бұл туралы Францияда Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың ұсталуынан кейін мессенджер түсініктеме берді. Шағымдар пайдаланушылардың орынсыз модерациясы мен анонимділігі, сондай-ақ мессенджердің еуропалық билікпен ынтымақтастықтан бас тартуынан туындаған. Оған 12 айып бойынша іс қощғалған, оның ішінде балалар порнографиясы мен есірткіні сақтауға және таратуға қатысу, алаяқтық және криптовалюта құралдарын пайдалану.
«Платформа немесе оның иесі оны теріс пайдаланғаны үшін жауап береді деп айту ақылға қонымсыз», — деп жауап берді Telegram.
Telegram мессенджерінің ай сайынғы аудиториясы 950 миллион адамға жетті, деді Дуров шілде айының соңында, ұсталудан бір ай бұрын.
Дереккөз: inbusiness.kz