Терроризм мен айуандыққа ешқандай ақтау болмайды, деді Франция премьер-министрі.
Еуропалық Одақ Хамас исламдық қарсыласу қозғалысын террористік ұйым деп таныды. Бұл туралы Франция премьер-министрі Элизабет Борне Ұлттық жиынында (парламенттің төменгі палатасы) сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Терроризм мен айуандыққа ешқандай ақтау болмайды», – деді премьер-министр радикалды содырлардың Израиль аумағына басып кіруін айыптай сөйлеп.
Сонымен қатар Борн Франциядан бір еуроның да лаңкестердің қолына түспеуі қажет дегенді баса айтты.
Ол француз үкіметі антисемитизмнің «көшеде де, интернетте де» көрініс табуына жол бермейтінін атап өтті.
Дереккөз: inbusiness.kz