Пт. Ноя 22nd, 2024

2-5 тамыз күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде 12-13, 14-15 және 16-17 жас аралығындағы жаcөспірімдер арасында аралас жекпе-жектен (ММА) әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Бұл жарыс тарихтағы ең ірі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты болды. Оған 46 елден 653 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан намысын 14-15 және 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер құрамасында 35 спортшы қорғайды.

«Екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша 40 келіге дейінгі салмақта Маңғыстау облысының өкілі Еркебұлан Исламами әлем чемпионы атанды. Финалда Қазақстан спортшысы ливандық спортшы Омар Антармен кездесті. Төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық спортшыға берді», — делінген хабарламада.

Тағы бір жүлдегер — Түркістан облысының спортшысы Орынбасар Пердебек 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды. Қазақстандық спортшы Украина мен Болгария өкілдерін жеңіп, жартылай финалдық кездесуде әлем чемпионы атанған Польша өкілі Ксавер Мосингтен төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.

16-17 жас аралығындағы жекпе-жектер бүгін Астана уақытымен сағат 12:00-де басталады.


Ақпарат көзі: kaz.zakon.kz