Бұл хабарламада Алматы облысы Іле ауданы әкімінің фотосы көрсетілген.
Әлеуметтік желіде Алматы әкімі көмекшісінің ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы қаласының әкімдігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
— Алматы қаласының әкімдігі жалған ақпарат таратқандарды анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінетінін мәлімдейді. Еске салайық, заңнамаға сәйкес, жалған ақпарат таратқандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, — деп мәлімдеді әкімдік баспасөз қызметі.
Дереккөз: Inbusiness.kz