ҚР Энергетика министрлігі еліміздегі мұнай өндіру көлемі 2 пайызға артты деген ақпаратты жоққа шығарды.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, тамыз айында Қазақстанда мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1,712 млн баррельді құраған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аталған көрсеткіш шілде айымен салыстырғанда тәулігіне 48 мың баррельге төмен.
«Энергетика министрлігі кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, елімізде мұнай өндіру деңгейі тамызда өткен аймен салыстырғанда артты деген ақпаратты түбегейлі жоққа шығарады», – делінген министрлік мәлімдемесінде.
Дереккөз: inbusiness.kz