Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Израильдегі елшілігі мәлімдеме жасады
«Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматына Тыл қолбасшылығының нұсқауларын (https://www.oref.org.il/ru) сақтауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан елшілігімен байланыста болуды сұрайды», — делінген хабарламада.
Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі және Қазақстанның Израильдегі елшілігінің байланыс нөмірлері:
- +972 (3) 503 78 85 (кезекші);
- +972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp);
- +972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp);
- +7 700 111 31 96 (WhatsApp).
Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Израиль әскері Иранға соққы жасады. БАҚ Тегеранда жарылыстар болғаны туралы жазып жатыр. Әлеуметтік желілерде қираған нысандардың фото, видеосы тарады.
Ал Израильде төтенше жағдай жарияланды. Елдің қорғаныс министрі Кац жақын арада жауап ретінде Израиль мен оның бейбіт тұрғындарына соққы жасалуы мүмкін екенін ескертті.
ДЕРЕККӨЗ: NUR.KZ