1 маусымға дейін 514 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚР Еңбекминге сілтеме жасап.
Биыл 98 мың отбасындағы 514,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
АӘК отбасының әрбір мүшесіне, жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1-6 жастағы балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына, яғни 1,5 АЕК мөлшерінде (5175 теңге) қосымша төлем түріне ауыстырылды.
1 маусымдағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 157,2 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады.
Ақпарат көзі: inbusiness.kz