Ср. Окт 30th, 2024

Соңғы 5 жылда өндіріс көлемі 4 есеге өсті. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жыл басынан бері 5 мыңнан астам трактор мен комбайн шығарылғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Ауыл шаруашылығы машиналары секторында соңғы 5 жылда өндіріс көлемі 4 есеге өсті. 9 айдың қорытындысы бойынша 5 мыңнан астам трактор мен комбайн өндірілді. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары отандық техникамен, оның ішінде әлемдік CLAAS, Horsch, Deutz Fahr брендтерінің Қазақстанда өндірілген заманауи техникасымен қамтамасыз етілген. Биыл әлемдік нарықтың көшбасшылары Amazone және Zoomlion компаниялары елге тартылды. Сонымен қатар, трактор кабиналары мен комбайн бункерлері сияқты ірі бөлшектердің өндірісі іске қосылды», — деді министр Үкімет отырысында.

Бұдан басқа өндірушілер мен қосалқы өндірістер арасында кооперация жолға қойылған.


Дереккөз: Inbusiness.kz