Жол картасын Үкімет бекітті.
Энергетика министрлігі шикізатпен қамтамасыз етуден бастап түпкілікті өнім шығаруға дейінгі іс-шараларды қамтитын «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Жол картасын» әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құжаттың мақсаты – мұнай-газ химиясы саласын дамыту және осы саладағы жобаларды іске асыруға жәрдемдесу.
Жол картасының ережелерін орындау шеңберінде мынадай нәтижелер көзделген:
- Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемін 2023 жылғы 357,8 мың тоннадан 2030 жылға қарай 1,8 млн тоннаға дейін ұлғайту;
- Мұнай-газ химиясында іске асырылатын және жаңа жобаларды қажетті шикізатпен қамтамасыз ету;
- 14,7 млрд АҚШ доллары сомасына инвестициялар тарта отырып, шамамен 3,5 мың тұрақты және 16 мың уақытша жұмыс орнын құра отырып, алты жобаны іске асыру;
- Мұнай-газ химиясы жобалары үшін «ҰИМХТ» АЭА аумағында қажетті инфрақұрылым салу;
- Мұнай-газ-химия саласының өнімдерін өткізу нарықтарын қамтамасыз етіп, ішкі тұтынуды ынталандыру;
- Ғылыми базаны, адами капиталды жетілдіру, сондай-ақ тиісті нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттарды қабылдау есебінен саланы дамыту үшін жағдайлар жасау.
Дереккөз: inbusiness.kz