Вс. Ноя 24th, 2024

Осы мақсатта «Қазақстан халқына» қоры қолдау көрсеткен.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын ұйымдастыру туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

«Балалардың жазғы демалысы 9 мемлекеттік органның бірлескен жоспары аясында ұйымдастырылады. Бұл мақсатта республикалық және өңірлік штабтар құрылды. Жазғы демалысты ұйымдастыруға қажетті барлық нормативтік-құқықтық актілер дайындалды. Бірыңғай талаптарды қамтитын Әдістемелік ұсынымдар жинағы әзірленді. Өңірлермен бірлесіп барлық демалыс орталықтарының тізімін және олардың дайындығы пысықталды. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен «QH Жаздық жолдама» жобасы шеңберінде 20 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады», — деді Ғани Бейсембаев.

Оның сөзінше, тасқыннан зардап шеккен өңірлердің оқушыларына, халықтың әлеуметтік осал топтарынан және көпбалалы отбасыдан шыққан ауыл балаларына басымдық берілмек.


Дереккөз: inbusiness.kz