Вт. Фев 27th, 2024

Бұған үйлердің жылу маусымына техникалық тұрғыдан дайын болмай шығуы себеп болып отыр. 

Екібастұздықтарға жылу берілгеніне бір ай болды. Ал 20 көпқабатты үйде жылу әлі толық берілмеген.

Тұрғынның айтуынша 1 қазанда жылу берілген, бірақ оларда әлі жылу жоқ.

Кішкентай сәбиі бар отбасы жылытқыш қосып бір бөлмелі пәтерін жылытуда.

Екібастұз қаласының әкімдігі қазір 20 көпқабатты үйдің осындай жағдайда екенін хабарлады. Олардың әрқайсысы үшін арнайы комиссия жұмыс істейді.

«Тұрғын үйге тұрғындар өз бетінше қызмет көрсетеді, тиісінше, қажетті шараларды толық атқармайды. Тура сөзбен айтқанда, біз бүгін Энергетиков көшесі, 99 мекенжайында орналасқан тұрғын үйге бардық, онда құбыр клапаны жабық тұрғаны анықталды, сондай-ақ су жылытқышқа рұқсатсыз ойық жасалған, ол тұрғын үйдегі гидравликалық режимді бұзған», деді Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Әнуарбек Аманов


Дереккөз: Inbusiness.kz