Сб. Ноя 23rd, 2024

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады. 

Азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі жұмыс істеп тұрғанын еске саламыз.

Сіз «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға (әкімдіктер, министрліктер, комитеттер, агенттіктер және басқа да мекемелерге) кезексіз және бюрократиялық кідіріссіз өз өтінішіңізді бере аласыз (Мемлекеттік органдарға ресми өтініш беріңіз | eOtinish).

Ол үшін кез келген қолжетімді авторизация әдісін пайдаланып жүйеге кіріңіз;

  • Өтінішті толтырыңыз;
  • Өтінішке қол қойыңыз;
  • Орындалуын қадағалаңыз.

Дереккөз: Inbusiness.kz