Видеодан Ханның көзін жұмып, алақан жайып дұға жасап отырғанын көруге болады.
Жұлдыз Әбдікәрімова инстаграм парақшасында Қайрат Нұртастың кіші ұлы Ханның алақан жайып, дұға оқып отырған видеосымен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
«Біз жолдамыз. Бір қарасам, Хан дұға оқып отыр», — деп баласының ұшақта қол жайып отырған видеосын жариялады Жұлдыз Әбдікәрімова.
Белгілі эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова екі ұлын алып, Испанияның Барселона қаласына кетті.
Дереккөз: inbusiness.kz