Вс. Ноя 24th, 2024

Қобыздың бір ғылыми данасы Димаш Құдайбергенге сыйға тартылса, екінші данасы болашақ ұрпаққа сақтау үшін мұражайда қойылды.   

Академик Дархан Қыдырәлі Димаш Құдайбергенге көне қобыздың ғылыми көшірмесін сыйға тартты. 

Бірегей олжа 2014 жылы археологиялық экспедиция кезінде табылған болатын. Аталмыш қобыз VI-VII ғасырлардан қалған мұра деген болжам бар, деп жазады inbusiness.kz сайты dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Экспедицияны сол кезде Халықаралық Түркі академиясының президенті болған Дархан Қыдырәлі басқарған болатын. 2014 жылы жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижесінде – ең көне қобыз Алтай тауындағы қазіргі Берелі аймағында, Қарақаба үстіртінде табылды. Ал, II-VII ғасырларға тән бұл аймақтар ата-бабаларымыздан қалған мұраларымызды танып-білуге негізгі кілт көзі болды.

«Экспедиция кезінде табылған қобыз – бүгінгі күнге дейін табылған мұралардың ішіндегі ең көнесі және бірегейі. Ол тек қазақтың ғана емес, бүкіл көшпелі халықтардың ұлттық аспабы. Осының бәрін ескере келе, біз бұл қобызды ата-бабамыздан қалған қасиетті мұра ретінде шығармашылық жолы табысты, баянды болсын деген ізгі ниетпен Димашқа беруді жөн көрдік», – дейді Дархан Қыдырәлі.


Дереккөз: Inbusiness.kz