Пт. Фев 23rd, 2024

Бұл жолы дауысымен емес. 

Танымал әнші Димаш Құдайберген Қытайдың «I am Singer» жобасында үлкен табысқа жеткеннен кейін, тура жеті жылдан соң Гонконгта жеке ән кешін өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Dimashnews порталы хабарлағандай, Гонконг көрме орталығында Қытайдан, Еуропа, Америка, Азия және Африканың әртүрлі қалаларынан әртістің жанкүйерлері жиналды.

Ашық қызыл және алтын костюмде пайда болған Димаш концертті «Алтын» әнімен ашты. Концерт басталғаннан кейін өнер иесі Қытайдағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың рухына бір минут үнсіздік жариялады.

Бұл кеште Құдайберген бірден бірнеше жаңа композицияларды ұсынды.  Соның ішінде, әнші өзінің Instagram парақшасында көрсеткен «Smoke» және “When I’ve Got You” әндерін орындады.

Айта кетейік, соңғысында Димаш өзінің музыкант достарымен бірге жаңа интерпретацияда «Адай» күйін және «Дурдараз» халықтық қазақ әнін орындап, залда да, желі кеңістігінде де халықтың ықыласына бөлінді.

Көпшілік қауым әншіні концерттеріне аспаптық блоктарды қосқаны үшін мақтап, тіпті оған «Dombra Man» деген лақап ат қойды.

Сонымен қатар, жанкүйерлер Димаштың бұл жолы оларды таңғажайып дауысымен ғана емес, сондай-ақ халық аспабындағы тамаша ойынымен де таң қалдырғанын атап өтті.

«Димаш, әдеттегідей, өз дауысымен таң қалдырды», «Супер, тіпті бойым түршігеді! Жарайсың!», «Құрметті Димаш, әрқашан өз еліңіздің өңдері мен көріністерін қосқаныңызға алғысымыз шексіз, бізбен көптеген ұқсастықтарыңыз бар. Аргентина елі сізге құшақ жаюда», «Мен сіздің өнеріңізге күн сайын көбірек тәнті боламын. Осындай керемет әртіс болғаныңыз үшін рахмет. Мен сіздің 2024 жылғы алғашқы концертіңізге қатыса аламын деп үміттенемін», — деп жазды әншінің бүкіл әлемдегі жанкүйерлері.


Дереккөз: Inbusiness.kz