Пт. Окт 18th, 2024

Қорғаушы екеуін де ақтауды сұрады. 

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне кінәлі деп танылған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовтың кассациялық шағымы өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Судьялар істі кассациялық қарауға беруден бас тартты», — деді Жоғарғы Сот судьясы.

Осылайша, Жоғарғы Сот істі кассациялық алқаның қарауына қабылдау үшін соттың немесе тергеудің жұмысында заң бұзушылықтар мен өзге де негіздерді тапқан жоқ.

2019 жылдың 14 қаңтарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деп айыпталған Нұралы Қиясов жасаған қылмысын мойындады. Қиясовтан бөлек бұл іске Арман Құдайбергенов пен Жанар Толыбаева да қатысты.

2019 жылдың 17 қаңтарында Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша үкім шықты. Нұралы Қиясов өзіне тағылған қылмыстар бойынша кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Арман Құдайбергенов 18 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Денис Тен көлігінің айнасын ұрламақ болған көлік ұрыларымен төбелесіп, көп қан жоғалтып қайтыс болды. Спортшы 25 жаста еді.


Дереккөз: Inbusiness.kz