Вт. Ноя 12th, 2024

Қостанай облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстанның ірі бизнес өкілі Данияр Әбілғазин баспанасынан айырылған отбасыларға арналған үйлер салуға жеке қаражатынан 1,5 млрд теңге бөлінгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

«Зардап шеккендерді қолдау – біздің ортақ жауапкершілік. Адамдардың жаңа әрі қауіпсіз үйлерге оралуы үшін құрылысты дереу бастаймыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіне сәйкес, бизнестің бірлескен күш-жігері – аймақтарды жылдам қалпына келтірудің кілті», — деді Данияр Әбілғазин.

Қазіргі таңда зардап шеккен отбасылардың қалыпты өмір салтына мейлінше тез оралуы үшін Қостанай облысында үйлердің құрылысы жедел әрі сапалы жүргізілгені маңызды. Бизнес-қоғамдастықтың қолдан келерлік көмек көрсетуі зардап шеккен өңірлердегі тұрақтылықты қалпына келтіруге септігін тигізіп қана қоймай, басқа кәсіпкерлерді тиісті қолдау көрсетуге шабыттандырады.


Дереккөз: Inbusiness.kz