Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарлық 2023 жылғы 16 маусымда Ақордада жарияланды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды», – делінген ресми хабарламада.
Даниал Ахметов 1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы. Экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі.
ШҚО әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін ол түрлі қызметтер атқарған. Соның ішінде: Қазақстан Республикасының премьер-министрі (13.06.2003-08.01.2007 жж); Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi (10.01.2007-17.06.2009 жж.), Энергетика және инфрақұрылым министрі (2012-11.2014 жж.);
Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып 2014 жылғы 11 қарашада тағайындалды. Ал 2022 жылғы 7 желтоқсанда осы өңірдің әкімі қызметіне қайта тағайындалған.
Ақпарат көзі: kaz.zakon.kz