Чт. Ноя 12th, 2026

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ хабарлады.

Филиалдың бұрынғы бас бухгалтерінің жеке банк шоттарына негізсіз ақша аудару деректері анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«ҚАЖсервис» ЖШС Атырау облыстық филиалында 34,8 млн теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылықтар компанияның қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізілген ішкі талдау барысында анықталғанын мәлім етті.

Бұл заңбұзушылықтар 2026 жылдың 3 ақпанында құжат жүзінде тіркелген. Компания анықталған деректер бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына өз бастамасымен жолдады.

– Тергеу жүргізіп, заңда көзделген шараларды қабылдау үшін 2026 жылғы 5 ақпан мен 26 наурызда Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тиісті өтініштер берілді.

«ҚАЖсервис» ЖШС прокуратура және экономикалық тергеп-тексеру органдарымен бірлесіп, анықталған заңбұзушылықтардың барлық мән-жайын анықтау бағытында жұмыс жүргізуде. Компания уәкілетті органдарға қажетті қолдау көрсетуді жалғастырады. Негізгі мақсат – істің жан-жақты әрі объективті тергелуіне, кінәлі тұлғалардың заң аясында жауапқа тартылуына және келтірілген залалдың өтелуіне қол жеткізу, – делінген ресми мәліметте.


Дереккөз: inbusiness.kz

Бөлісу