Вт. Дек 3rd, 2024

Бишімбаев бұл адамды «Юлия супер» деп сақтаған және сол күні оған хат жазған. 

Салтанат Нүкенова өлім аузында жатқанда Қуандық Бишімбаев «Юлия супер» деп сақталған әйелмен жайбарақат күйде хат алмасқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың телефоны зерттеліп жатыр. Судья оның хаттарын тексере келе 2023 жылы 9 қараша күні хат жазған адамдардың есімін, Бишімбаев олармен не туралы сөйлескенін оқыды.

Бишімбаев бұл адамды «Юлия супер» деп сақтаған және сол күні оған хат жазған. 

«9 қараша күні 19:07-де Бишімбаев «қалың қалай?» деп жазған. Юлия супер «сенің қалың қалай?» деп жазған. 19:24-те Бишімбаев «не істеп жатырсың?» деп сұраған. Юлия супер «кірпігімді жөндеттім» деп жазған. 19:36-да Бишімбаев «боссың ба?» деп жазған. Юлия супер «нешеде?» деп сұраған», — деді хаттарды оқыған судья Айжан Құлбаева.


Источник: inbusiness.kz