Сб. Ноя 23rd, 2024

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков әйеліне көлік сыйлады

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков жұбайы Дариғаға сирек кездесетін, құны 150 миллион теңге тұратын Mercedes-Benz G 63 AMG көлігін сыйлады. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында жұбайына алғысын білдіріп, оның бар жақсылыққа лайық екенін атап өтті.

“Сен барлық жақсылыққа лайықсың! Менің өмірімде бар болғаныңа рақмет! Барлығыңызға жұғысты болсын! 150 миллион теңгеге алған сыйлығым – осы. Әлемде 1000 ғана данасы бар. Mercedes-Benz G 63 AMG маркалы көлік. Даридың тосынсый жасайтын мекенжайға келуіне бір сағат қалды. Біз машинаны әдемі жерге орналастырып жатырмыз”, – деп жазды блогер.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, су жаңа көлік иесін құттықтап жатыр.

“Қандай керемет көрініс?!”, “Осылар банк тонай ма екен, қалай байып жатыр?!”, “Дари сияқты әйел бәрімізге жұғысты болсын!”, “Қазақстанда жоқ көлік екен”, – деп жазды көпшілік. 


ДЕРЕККӨЗ: OZGERIS