Қуандық Бишімбаевты күзетпен ұстау мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Салтанат Нүкенованың өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты күзетпен ұстау мерзімі тағы екі айға, 9 наурызға дейін ұзартылды.
Бұл туралы Kazinform хабарлады.
«2024 жылғы 9 қаңтарда Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қуандық Бишімбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 9 наурызға дейін ұзартуды санкцияланды», — деп хабарлады сот басылымға.
Сондай-ақ Астана соты өзге мәліметтерді Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайтынын ескертті.
Еске салайық, 2023 жылғы 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды.
Қайғылы оқиға астанадағы Bau мейрамханасында болды.
Кейінірек Салтанат Нүкенова қаза тапқан «Гастро-центр» директоры да қамауға алынғаны белгілі болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бишімбаев ісі бойынша Ішкі істер министрлігіне арнайы тапсырма берді.
Дереккөз: Zakon.kz