Вс. Сен 29th, 2024

Астанада Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша сот отырысы аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Төрағалық етуші судья бірінші инстанциядағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Судья бұл шешімін түсіндіруінде бірінші инстанциядағы сот үкімін процестік ережелер бұзылғанда ғана өзгертілетінін айтты.

Айта кетейік, 10 маусым күні Астана сотына Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағым түсті. Бүгін, 26 маусымда елордалық сотта Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау басталды. Экс-министрдің адвокаттары сот процесінде заң бұзылғанын айтып, алқабилердің тегін жария еткен еді.


Дереккөз: Nur.kz