Бүгін Астанада әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды.
Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанованың айтуынша, Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға порнографиялық видеоларды көрсетіп, видеодағы сен емес пе деп сұрап, қысым көрсеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ Салтанаттың өзін кетіп қалса қорқыту үшін порнографиялық видеоға түсіріп алған.
Айта кетейік, Сот залына Бишімбаевтың анасы мен оның қорғаушылары кірді. Сондай-ақ марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы мен басқа да туыстары келді. Оқиға орнында Нүкеновтердің мүддесін қорғап жүрген адвокат Жанна Уразбахова да бар.
Дереккөз: Inbusiness.kz