Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда.
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне тағы үш бап қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тергеу барысында «Қылмысты жасыру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оның аясында «Гастро-орталықтың» директоры қамауға алынды.
Астана Полиция департаментінің хабарлауынша, сонымен қатар «Қылмыс туралы хабарламаған» және «Қауіп-қатерге қалдырып кеткен» деген баптар бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Ішкі істер министрлігінің басшылығы тергеу барысын өз бақылауына алды. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда.
Дереккөз: inbusiness.kz