ІІМ басшысы жауап берді.
Бүгін Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов журналистердің Бишімбаевтың ісіне қатысты сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
«Қазір Бишімбаевқа қатысты тергеу, сараптама жұмыстарының бәрі аяқталды. Сот іспен танысып, сот ісі болатын күнді белгілейді», — деді генерал-лейтенант Ержан Сәденов.
Қуандық Бишімбаевқа қамауда ешқандай жеңілдік жасалмаған ба ма деген журналист сұрағына Ішкі істер министрі ол бәрімен бірдей жағдайда отырғанын мәлімдеді.
«Бәріне бірдей жағдай қарастырылған. Камерада жалғыз емес, адамдар бар. Күдіктінің тәртібіне қатысты шығам түскен жоқ. Ол сот ісіне дайындалып жатыр», — деді министр.
Еске салайық, экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі(«Азаптау»), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы («Аса қатыгездікпен адам өлтіру») бойынша жаңа айыптар тағылған еді.
Дереккөз: Inbusiness.kz