Батыста мұнай ұңғымасынан өрт шықты
«Ембімұнайгаз» АҚ мәліметінше, төтенше жағдай 6 наурызда «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Батыс Прорва кен орнының 437-ұңғымасында болған.
«Перфорациядан кейін сорғы-компрессорлық құбырды түсіру кезінде газ пайда болды», — деп жазылған хабарламада.
Оқиға салдарынан құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
ЕМГ жедел штабы шұғыл шаралар қабылдаған: ұңғыманың айналасы қоршалған, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оқиға орнында «Ақ Берен» ЖШС, «Семсер — Өрт сөндіруші» ЖШС, «СОП Атырау» ЖШС мобильді күзет есептері іске қосылған.
ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS