Батыс Қазақстан облысында қолына ара ұстаған ер адам жанармай құю бекетінде жүрген автокөлік жүргізушілері мен басқа да адамдарға шабуыл жасады
БҚО-дағы Бөрлі аудандық полиция басқармасы Instagram желісіндегі парақшасында қолына ара ұстаған ер адамның жанармай құю бекетінде жүргендерге тап беріп, шабуыл жасаған сәті түсірілген видеоны жариялады.
Жазбаның сипаттамасында бұл кадрлар түн ортасында Ақсай қаласында түсірілгені айтылған.
Полицейлердің айтуынша, ер адам агрессия танытып, автокөліктер мен адамдарға шабуыл жасаған. Полиция оны ұстады. Белгілі болғандай, видеоның «кейіпкері» психиатр есебінде тұрады.
Ұсталған азамат Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Қазір оны Облыстық психикалық денсаулық орталығына орналастыру мәселесі шешіліп жатыр.
ДЕРЕККӨЗ: NUR.KZ