Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.
АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CBA80 (US_71_2312) және US912810TL26 (US_72_5211) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің «Мемлекеттік бағалы қағаздар» секторына енгізілді, деп жазады inbusiness.kz.
Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 14 шілдесінен бастап KASE ресми тізімінің «Мемлекеттік бағалы қағаздар» секторына АҚШ Қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигациялары енгізілді:
1) US91282CBA80 (US_71_2312; $58 385 млн; 15.12.20 – 15.12.23, жарты
жылдық купон, жылдық 0,125 %, actual/actual);
2) US912810TL26 (US_72_5211; $64 340 млн; 15.11.22 – 15.11.52; жарты
жылдық купон, жылдық 4,00 %, actual/actual).
«Аталған облигацияларға рұқсат беру бастамашысы – «Halyk Finance «Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы» АҚ (Алматы)», — делінген KASE таратқан ақпаратта.
Ақпарат көзі: inbusiness.kz